{metadescription}
АҚШ Мексикамен арадағы шекараны бөлетін қорғанның жобасын көрсетті
АҚШ Мексикамен арадағы шекараны бөлетін қорғанның жобасын көрсетті

АҚШ Мексикамен арадағы шекараны бөлетін қорғанның жобасын көрсетті

АҚШ билігі Мексикамен арадағы шекараны бөлетін қорғанның алғашқы тәжірибелік нұсқаларын тұрғызды. Екі ел ортасында мызғымас қоршау салу АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлау алдындағы басты уәделерінің бірі болатын. Сол кезде Ақ үй басшысы «осы арқылы Мексикадан ағылатын заңсыз миграцияның тамырына балта шабамыз» деп ұран салған еді.

Қазір тұрғызылып жатқан биіктігі 9 метрлік бетон қоршаудың тек бір ғана нұсқасы. Шекарашылардың айтуынша, мұндай қабырғаның 8 түрлі конструкциясы бар. Оның төртеуі бетоннан құйылса, қалған төртеуі өзге материалдардан жасалған. Айдың соңына дейін барлық нұсқаны тұрғызып үлгеру жоспарланған. Ал, шекараның Ар жағынан құрылысты бақылаған мексикалықтар болса, «қандай қабырға тұрғызса да өтіп кетеміз» деп, кекесінмен жауап қатып отыр. Айта кетейік, қорған құрылысының шығыны 20 миллиард долларға бағаланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде