{metadescription}
Ирактың Әл-Хувейжа қаласы лаңкестерден азат етілді!
Ирактың Әл-Хувейжа қаласы лаңкестерден азат етілді!

Ирактың Әл-Хувейжа қаласы лаңкестерден азат етілді!

Елдің қарулы күштері аумақтан «Ислам мемлекеті» содырларының бірін қалдырмай қуып шыққан.

Әл-Хувейжа Ирактың Киркук провинциясынан 55 шақырым қашықтықта орналасқан қала. ДАИШ бұл өңірді 3 жыл бұрын басып алған болатын. Ал, оны азат ету операциясына әскерилер қыркүйектің аяғында кірісті. Содан бері Ирактың қарулы күштері 200-ге тарта содырдың көзін жойған. Міне, енді жеңіске жетіп отыр. Айта кетсек, Әл-Хувейжа «Ислам мемлекетінің» Ирактың солтүстігінде қалған соңғы тіректерінің бірі. Сириямен шекаралас аумақта тағы 3 қала лаңкестердің қолында қалып отыр. Яғни, 4 миллионнан астам бейбіт тұрғынның жағдайы әлі де қиын. Олар қатты қысым көргендіктен, үйлерін тастап қашуға мәжбүр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде