{metadescription}
Өскеменде үйлердің жанына қолданылған медициналық инелерді төңкеріп кеткен жүргізуші ұсталды
Өскеменде үйлердің жанына қолданылған медициналық инелерді төңкеріп кеткен жүргізуші ұсталды

Өскеменде үйлердің жанына қолданылған медициналық инелерді төңкеріп кеткен жүргізуші ұсталды

Өскеменде тұрғындар мен экологтар сасық иістің себебін бірігіп іздеді. Сөйтсе, белгісіз біреулер пайдаланылған медициналық инелер мен құрал-жабдықтарды тұрғындардың үйлерінің жанына әкеп төгіп, өртеген екен. Оқиға орнына шақыртылған экологтар болса, жедел түрде полицияға арыз түсіріпті.

Медициналық мақсаттағы құралдарды рұқсат етілмеген жерге әкеп, жанармай құйып өртеп жатқан көлік жүргізушісін полицейлер келесі күні ұстады. Сөйтсе, ол басшыларының айтқанына құлақ аспай, өз білгенін істеп жүрген екен. Экологтардың айтуынша, жүргізушінің бұл әрекетінен айналаға айтарлықтай зиян келген. Нақтырақ айтсақ, ауаға күкіртті сутегі мен фенол, формальдегид және хлор көп тараған көрінеді. Ал, хлорлы сутегінің мөлшері тіпті 100 есе артық боп шыққан. Қазір осы медициналық заттарды жоюға жауапты мекемеге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бірақ, олар өздеріне шаң жуытар емес. Сөздеріне қарағанда, мемлекеттік органдар осылайша бұлардың кәсіпкерлік қарекеттеріне кедергі келтіріп отыр екен.

Ермак Барқышев, ШҚО Экология департаменті бас мемлекеттік инспекторының міндетін атқарушы:

-Бұл жерде пластмасса, ине, іштерінде қан бар, басқа да материалдар толып жатыр. Табиғатқа 5 миллион теңгеден астам зиян келген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде