АҚШ ресейлік хакерлердің дауыс беру жүйесін бұзып кіргенін дәлелдеп берді
Сайлаудың шырқын бұзуға тырысқаны ақиқат, бірақ ол қорытындыға еш әсер етпеген! Бүгін АҚШ сенаторларынан құрылған комиссия тексерулерінің алғашқы нәтижелерін жария етті.
05.10.2017
Оған сәйкес, сайлау кезінде ресейлік хакерлердің дауыс беру жүйесін бұзып кірмек болғаны дәлелденген. Әрі бұл әрекет бірнеше күн бойы жалғасыпты. Бірақ, оның саяси дода қорытындысына түйірдей әсері болмады деген қорытындыға келіпті сенаторлар. Бұл - Трапмтың таққа отыруы заңсыз деп санайтындарға жауап. Тіпті, сенаторлар Ресейдің тек Америка емес, өзге елдердегі саяси додаларға да араласпақ болғанын анықтаған екен. Солтүстіктегі көршілеріміз Франция, Голландия мен Германиядағы дауыс беруге араласып, өз мүддесіне шешім шығуына әрекет еткен көрінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!