Сайлаушысына ақша тауып бере алмаған қостанайлық депутат мандатынан бас тартты
Елімізде мәслихат депутаттары жаппай мандатынан бас тартып жатыр. Облыс, қалалардағы халық қалаулылары түрлі себеппен шетінен жылы орындарын тастап кеткен.
Автор: Жәудір Оразхан
05.10.2017
Мақсатхан Анапин, Орталық сайлау космиссиясының мүшесі:
-Өкілеттігін тоқтатқан мәслихат депутаттарының саны артып отыр. Жалпы 105 депутат орнын босатты. Бұл Орталық сайлау комиссиясының тарихында болмаған жайт. Әсіресе, Қостанай, Қарағанды, Алматыда мандаттан бас тартқандар көп.
Мәселен, Қостанай облысының мәслихат депутаты ақшалай көмек сұрап келген сайлаушыларға беретін қаржысы болмағандықтан мандатынан бас тартқан. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында депутат пара алып, жұмыстан да, партиядан да қуылыпты. Жалпы, лауазымын асыра пайдаланған, пара алған, адам бопсалаған үш депутат соттың шешімімен орнын босатқан. Орталық сайлау комиссиясындағылар саяси партияларға ескерту жасады. Өйткені, мәслихатта тұрақтылық болмаса, халықтың депутаттарға деген сенімі жоғалады. Оның үстіне қайта-қайта сайлау өткізу бюджет үшін артық шығын. Ал 29-шы қазанда 105 аймақта мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!