{metadescription}
Қарағанды облыста көктайғақтың кесірінен жол апаты көбейген
Қарағанды облыста көктайғақтың кесірінен жол апаты көбейген

Қарағанды облыста көктайғақтың кесірінен жол апаты көбейген

Қарағандылықтар қиын жағдайда қалды. Мұнда түнде жауған дымқыл қардың арты көктайғаққа ұласып, жол-көлік оқиғалары жиіледі. Тәртіп сақшыларының айтуларынша, бір тәуліктің ішінде осындай 30-ға жуық дерек тіркеліпті.

Көктайғақтан әсіресе, ұзақ жолға жазғы дөңгелекпен шығып кеткен жүргізушілер зардап шегіп жатыр. Көпшілігі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, апатты жағдайға себепші болуда. Кептеліс те бірнеше шақырымға созылған. Ал, жүргізушілер болса бір-біріне Астана-Қарағанды-Қызылорда бағыты бойынша жолға шықпау керектігін ескертуде. Сондай-ақ, олар өздеріне көмекке келіп жатқан полицейлерге рахмет айтуда. Ал, тас жолға құм мен тұз төсемеген арнаулы мекеме қызметкерлеріне деген өкпелері қара қазандай. Көктайғақтан көлік иелері шығынға батып жатса, жөндеу орындарында жұмыс қызған. Қазір қаладағы көлік жөндеумен айналысатын жерлерде дөңгелек ауыстыру үшін кезекке тұрғандардың қарасы көп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде