Мұсабаев ұшақ апатын тексеретін дербес мекеме құруды талап етті
Бес адамның өмірін жалмаған осы ұшақ апатынан соң тағы бір ведомство құрылуы мүмкін. Бүгін Сенат депутаты Талғат Мұсабаев ұшақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дереу бақылаушы орган құру қажет деп отыр.
Автор: Досжан Маратұлы
05.10.2017
ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ, СЕНАТ ДЕПУТАТЫ:
-Бір айда үш әуе апаты болды. Бұл сұмдық. Барлық елде әуені қадағалаушы ұйым бар. Бізге де ешбір министрлікке қарамайтын дербес орган құру қажет. Ол әскериден басқа барлық ұшақты тексере алатын болуы керек. Азаматтық авиация комитеті осы мақсатта жұмыс істеуі тиіс.
Мұсабаевтың айтуынша, ұшақтың аман-есен жерге қонуы тек пилотқа ғана байланысты емес. Жерде әуе кемесіне бағыт-бағдар беріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндер де үлкен рөл атқарады. Бізде олардың арасында тығыз байланыс жоқ дейді сенатор. Сондықтан қадағалаушы ұйым құрып, қауіпсіздік деңгейін барынша көтеру керек деген пікірде. Айта кетейік, екі күн бұрын Алматыдан Шымкентке ұшып шыққан Санитарлық авиация ұшағы Алматы облысында апатқа ұшыраған болатын. Ан-28 ішінде болған 3 экипаж мүшесі мен елге танымал екі дәрігер көз жұмды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!