{metadescription}
Сарапшылар пікірі: Рубльдің қымбаттауы қолдан жасалған болуы мүмкін
Сарапшылар пікірі: Рубльдің қымбаттауы қолдан жасалған болуы мүмкін

Сарапшылар пікірі: Рубльдің қымбаттауы қолдан жасалған болуы мүмкін

Бүгінгі Ресей ақшасының құны 6 теңгеден асып түсуін қаржы сарапшылары осылай деп түсіндірді. Онымен қоса, теңгенің долларға шаққандағы жағдайы биылғы ең төменгі деңгейіне жетіп отыр: 1 доллар  346 теңгеден асып түсті! Мамандарға сенсек, енді қаржы нарығына кіріспейміз деген Ұлттық банктің өзі ақша нарығын әдейі өзгертуі мүмкін. Қаржы нарығының қалтарыстарын зерттеген тілшіміз Ербол Тұрымбет қазір бізбен тікелей байланысқа шықпақ. Қаржы нарығына Ұлттық банк араласты деуге қандай негіз бар?

-Қайырлы кеш, студия!

Иә, Мәдина, сұрағыңыздың мәнін түсіндім. Ұлттық банк теңге тағдыры үшін интервенция құюды тоқтатуы тиіс болатын. Яғни, өздері солай деген. Бірақ, шын мәнінде осы валюта бағамының қалыптасуы барсында әлі де оқтын-оқтын бой көрсетіп қояды. Мысалы, жазда маусым айының 21-22 күндері Ұлттық банк долларға деген сұраныстың тым артуына байланысты, 101 миллион доллар сатқан. Оны кейін біліп жатырмыз. Мәселе бұл жерде Ресей рубліне қатысты сияқты. Өйткені, мамандар валюта нарығына әсер ететін негізгі факторлар: әлемдік мұнай бағасы мен АҚШ доллары қалыпты деңгейде дейді. Сондықтан,олар оның себебін басқа жақтан іздегенді жөн көреді. Яғни, рубльді Ұлттық банктің өзі қымбаттатты деген пікірде. Себебін былай түсіндіреді.

МАҚСАТ ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИКА САРАПШЫСЫ:

-Ресеймен салыстырған кезде біздің өніміміз бәсекеге қабілеттірек болады. Сондықтан, сол елдің кәсіпкерлеріне қарағанда біздің кәсіпкерлер бұл жерде ұтады. Сондықтан осы жағдайды ескере отыра, біздің мемлекетіміз, Ұлттық банк дейік, ойланбастан осындай қадамға барып тұр деп айта алам.

-Ал долларға қатысты не айта аласың? Теңге биылғы антирекордын жасады деп жатыр ғой?

-Жалпы, теңгенің доллар мен рубльге қатысты өзгерістері таңқаларлық жайт емес. Мәселен, доллар бүгін 345 теңгеден де артып кеткені рас. Бірақ, біз одан да зорын көргенбіз. Айталық, 2016 жылдың 22-қаңтарында 1 доллар 383, 91 теңгеге дейін жеткен. Бұл ресми бағам. Сарапшыларға сенсек, аздаған құбылыстар болып тұрады. Бірақ, Ұлттық банк бәрібір жағдайды бақылауда ұстап отырған көрінеді.

-Рубль осыдан ары тағы өсе ме, әлде біз күтпеген басқа да жағдайлар бола ма?

-Біз оны да сұрап көрдік. Алдымен маман пікірін тыңдап алсақ.

Айжан Мұқышбаева, ТПҚ жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

-Біздің экономикамыз ұқсас. Біз шикізатқа тәуелдіміз. Ең үлкен фактор мұнай болып қала береді. Мұнайдың бағасы күрт төмендеп кетсе, Ресейдің рублі де құнсызданады. Сол кезде ғана бізде үлкен девальвациялық күтілім болуы мүмкін.

Яғни, сарапшының айтуынша, аса бір үлкен өзгеріс әзірге сезілмейді. Оны мынадай кестеден де байқауға болады. Мәселен, 7-қыркүйекте рубльдің ресми бағамы 5,94 теңгені құраса, 26-қыркүйекте 5,96-ға жеткен. Бүгінгі көрсеткіш те сол төңіректе болып тұр. Яғни, қара алтын құны  аяқасты құлдырап кетпесе, теңге осы қалпын сақтап тұратын сияқты. Сарапшылар да соған иланып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде