{metadescription}
Ұшақ апатынан қаза тапқандарға қаржылай көмек көрсетіледі
Ұшақ апатынан қаза тапқандарға қаржылай көмек көрсетіледі

Ұшақ апатынан қаза тапқандарға қаржылай көмек көрсетіледі

Осы апатта көз жұмған тағы бір отандасымыз, ұшқыш Евгений Кутафиннің отбасына тағы миллион теңге қаржылай көмек көрсетілетін болды. Орал қаласында туып-өскен марқұм ұшқыштың туыстарына Батыс Қазақстан облысы әкімдігі осындай қолғабыс тигізіп жатыр.

Евгений Кутафин өткен қыркүйекте ғана отызға толған екен. Артында жары мен жалғыз қызы қалды. Бұған дейін Алматы қаласы әкімдігі мен ұшақ иесі «East Wing» компаниясының басшылығы да қаралы отбасыларға әрқайсысы миллион теңгеден жәрдем беретіндерін мәлімдеген болатын. Айта кетейік, үш күн бұрын АН-28 санитарлық авиация ұшағы Шымкентке қарай бет алғанда Алматы қаласынан 28 шақырым жерде, Междуречинск ауылының маңында құлаған болатын. Ішіндегі үш экипаж мүшесі мен екі дәрігер түгел қаза тапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде