{metadescription}
Алматыда ұшақ апатына ұшыраған екінші дәрігердің денесі бүгін қара жер қойнына берілді
Алматыда ұшақ апатына ұшыраған екінші дәрігердің денесі бүгін қара жер қойнына берілді

Алматыда ұшақ апатына ұшыраған екінші дәрігердің денесі бүгін қара жер қойнына берілді

Кісі өмірін құтқарамын деп қызмет бабында қаза тапқан Жәнібек Артықбаевты әріптестері үлкен құрметпен Кардиология институтының шаңырағынан шығарып салды.

Кілең жүрек ауруларын емдейтін мекемеде бүгін жүрегі ауырмаған адам жоқ. Медицинаның мықтыларынан бастап, қарапайым жас маманға дейін көзіне жас алған. Өйткені, марқұм көзі тірісінде үлкенге де, кішіге де қамқоршы болған екен. Әріптестерін ақтық сапарға шығарып салуға дәрігерлерден бөлек Артықбаевтың арқасында аман қалған пациенттері де келіпті. Жиналғандар марқұмның артында қалған жұбайы мен екі ұлын жұбатуға тырысып жатыр. Дегенмен, ай мен күннің аманында азаматынан айырылған жесірдің қайғыдан жасы тыйылған жоқ. Ал мамандарының қатары бір мықтыға азайған ғылыми институт алдағы уақытта Жәнібек Артықбаевтың атымен аталуы мүмкін. Жаназаға келгендердің жалғыз тілегі осы болды. 

Төлеген Егембердиев, Жүрек тамыры хирургиясының профессоры:

-Жәнібектің осылай болады деген ешкімнің ойына да келген жоқ. Ол адал еңбегімен адамды көмектесу, құтқаруға ұшып бара жатқанда  осындай жағдайға ұшырағаны бізге өте қайғылы. Біз Жәнібекті есте сақтаймыз және не себептен болғанын білгіміз келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде