{metadescription}
 Ресейде Қазақстан азаматының автобусы жантүршігерлік жол апатына түсті
 Ресейде Қазақстан азаматының автобусы жантүршігерлік жол апатына түсті

Ресейде Қазақстан азаматының автобусы жантүршігерлік жол апатына түсті

Жолаушыға толы көлік темір жол өткелінде пойызбен соқтығысып, екіге бөлініп қалған. Апаттан кемінде 19 адам қаза тауып, 5-еуі ауыр жараланды. Ал, автобус ішінде Ресейге жұмысқа бара жатқан Өзбекстан азаматтары болыпты. Тек, екі жүргізуші ғана Қазақстан азаматтары. Қазір студиямен тікелей байланысқа шыққалы тұрған астаналық әріптесім Досжан Маратұлынан оқыс оқиғаның мән-жайын білейік. Қайырлы күн Досжан! Жол апатына қатысты соңғы ақпараттармен бөліссең..

-Қайырлы күн Ерланби! Оқыс оқиғаға қатысты ақпарат қазір сәт сайын өзгеріп жатыр. Қазіргі уақытта жол апаты Мәскеу уақытымен түнгі сағат төрт шамасында болғаны белгілі. Яғни, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы тізгіндегі автобус

Владимир облысы Петушин ауданы маңында дәл темір жол өткелінде істен шығып, тұрып қалған екен. Сол сәтте пойыз автобусты бүйірінен соғып, екіге бөліп жіберген. Соңғы ақпарат бойынша 19 адам қаза тапты. Бірақ, кейбір ақпарат көздері қайтыс болғандардың саны 21-ге жеткенін айтып жатыр. 5-еуі ауыр жараланған. Қазір оқиға орнында Ресейдің құтқарушылары жұмыс істеуде.

Илья Севостьянов, РФ Владимир облысы ТЖБ баспасөз орталығының қызметкері

-Оқиға орнына 60 адам мен 19 техника жұмылдырылды. Олар барлық көмекті көрсетіп жатыр. Автобус ішінде әлі де қысылып қалған адамдар бар. Қазір соларды алып шығу үстінде.

Яғни, Ресейлік құтқарушылардың айтуынша, автобус істен шығып тоқтап қалған соң, жүргізуші салонда ұйықтап жатқан жолаушыларды айқайлап оятқан. Бірақ, жартысы ғана оянып дала шығып автобусты теміржол өткелінен өткізу үшін итермек болған екен. Алайда, пойыз келгенше үлгермей соқтығысқан. Автобус ішінде болғандар қаза тауып отыр. Ал, сырттағылар пойызды көріп қашып кеткен. Олар аман.

-Досжан, пойыз соққан автобустың еліміздікі екені белгілі. Ол қайда бара жатқан? Және ішінде кімдер болыпты?

Иа, Ерланби, тексере келе автобустың Қазақстандыкі екені анықталды. Нақтыласам Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағашта тіркелген екен.

Ал, Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше автобустың ішінде болған 55 жолаушының барлығы өзбекстан жұмысшылары және еліміздің екі азаматы болған. Олар автобус жүргізушілері. Екеуі де Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. 40 жастағы Нұрғали Сарманов пен 47 жастағы Данияр Шілдебаев. Соңғысы оқиға орнында қаза тапқан. Ал, Сармановты Ресейдің полицейлері қазір тергеп жатыр. Болжам бойынша апатқа сол кінәлі. Қазір Сыртқы істер министрлігінің шұғыл мәлімдемесін тыңдап көрейік.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Біздің азаматтардың туысқандарына қажетті жәрдем көрсетілетін болады. Қайда бағыт алып бара жатқаны  әлі белгісіз. Бірақ, бар мәліметтерге сәйкес олар Оренбург облысына бара жатқан.

Ал, автобусты соққан пойыз Санкт-Петербургтан-төменгі Новгордқа бара жатқан екен. Ондағы жолаушылар аса қатты зардап шекпеген. Өзбекстан консулы қазір оқиға орнында. Қаза тапқан азаматтырының аты-жөндерін анықтауға көмектесіп жатыр

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде