{metadescription}
Астанада тал түсте жүк тиеген газель жанып кетті
Астанада тал түсте жүк тиеген газель жанып кетті

Астанада тал түсте жүк тиеген газель жанып кетті

Қаланың қақ ортасындағы ірі көшенің бірінде кетіп бара жатқан көліктен аяқ асты  түтін шығады. Артынша ол отқа оранған.

Міне, Газель қып-қызыл от болып жанып жатыр. Көліктің сау тамтығы қалмаған. Қайта, зардап шеккендер жоқ. Өртке оранған темір тұлпардың  жүргізушісі дер кезінде сыртқа шығыпты. Тіпті көлікке тиелген құрылыс  заттарын жерге түсіріп те үлгерген. Оқиға орнына дереу құтқарушылар мен полицейлер жетіп, өртті қысқа уақытта сөндірді. Куәгерлердің айтуынша, жолда өтіп бара жатқан өзге темір тұлпарларға тілсіз жаудың еш зияны тимеген.

Ербол Шабанбаев, Астана қаласының тұрғыны:

-Осы жерден түтін шықты. Бағдаршамға  келсем, жанып кетті Газель. Адам болған жоқ қасында. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде