Украина депутаттары жоғарғы раданың залында түтіндегіш граната лақтыра бастады
Жұдырық ала жүгіруді қомсынған украиналық депутаттар енді Жоғарғы раданың залында түтіндегіш граната лақтыра бастады. Әп-сәтте тараған қою түтінді сейілтуге құтқару қызметі шақырылған. Оқиға Донбасты қайта қалпына келтіру жөніндегі заң жобасын талқылау кезінде болған.
Автор: Мақсат Мәліков
06.10.2017
Гранатаны тұтатқанын кейін депутат Юрий Левченко мойынына алды. Бірақ, ол өзге қандай да бір түсінік беруден бас тартты. Айта кетейік, бүгінгі аталмыш заң жобасын талқылау сәті нағыз жанжалға ұласқан болатын. Ал, депутаттардың бірі Ирина Геращенко әлеуметтік желідегі жазбасында, оқыс оқиға кезінде Жоғарғы радада мектеп оқушыларының экскурсиясы жүріп жатқанын айтқан. Қайта, балалар зардап шекпепті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!