“Атырау су арнасы” мекемесінің басшысы желтоқсанға дейін қамауға алынды
Бостандықтың бағасы 68 млн теңге! Атырауда үш күн бұрын ұсталған “Атырау су арнасы” мекемесінің басшысы Андрей Ташлыков екі ай мерзімге қамауға алынды. Дегенмен 68 миллион теңгеден астам кепілақы төлесе, әзірге бостандықта жүре тұруына да болады.
Автор: Жанар Низамутдинова
06.10.2017
Қолда бар ақпаратқа қарағанда, “Атырау су арнасын” 10 жылдай басқарған Андрей Ташлыков өткен жылы жұмысты қойып, жалған келісім-шарттар жасаумен айналысқан секілді. Осындай бірнеше құжаттың көмегімен мемлекеттің миллиондаған қаржысын жалған фирмалардың есеп-шотына аударған деп күдіктінеді тергеушілер. Кейін қаражатты өзінің керек-жарағына жұмсаған көрінеді. Еске сала кетейік, Андрей Ташлыковты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның қызметкерлері 3-ші қазан күні ұстаған. Оған “сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салды” деген айып тағылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!