Назарбаев Мұхтар Алтынбаевтың ұлын Қорғаныс вице-министрі етіп тағайындады
Ақтөбе мен Қызылорданы аралап келген президент Есілдің сол жағалауына жеткен бойда, кадрлық ауыс-түйіс жасады. Сөйтіп елге бұрынғы Қорғаныс министрі ретінде танымал Мұхтар Алтынбаевтың ұлы Мүслім Алтынбаевтың қызметін өсірді.
Автор: Азамат Алдоңғаров
06.10.2017
Президент бүгін өз өкімімен 51 жастағы генерал-мойор шеніндегі кіші Алтынбаевты Қорғаныс министрінің орынбасары етіп тағайындады. Мүслім Алтынбаев бір кездері Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде әскери атташе болып та қызмет еткен. Соңғы қызметі Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік бөлімінің жетекшісі. Яғни Қорғаныс саласы оған таңсық емес. Ал Мүслім Алтынбаевтың әкесі, Халық қаһарманы, қарулы күштерді екі рет басқарған, экс-сенатор - Мұхтар Алтынбаев екенін айта кетейік. Осылайша, зейнет жасына байланысты саясаттан кеткен әкенің орнын баласы басып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!