{metadescription}
Елімізде картоп жеңсік асқа айналуы мүмкін
Елімізде картоп жеңсік асқа айналуы мүмкін

Елімізде картоп жеңсік асқа айналуы мүмкін

Айналдырған бір аптаның ішінде бұл көкөніс екі есеге қымбаттады. Егер құны осылай өсе берсе тұрғындардың күнде картоп алуға қалтасы көтермейтіні белгілі. Қазірдің өзінде еліміздің шығысы мен батысында келісі 130-150 теңгеден сатылып жатыр. Саудагерлер қыс түскенше тағы екі есеге қымбаттайды дейді. Ал биліктегілер бағаны тұрақтандыруға қашанғыдай қауқарсыз.

-Күзгі терім кезінде тегін болмаса да, көкөністің құны арзанға түседі деген тұрғындардың биыл үміті ақталмады. Жыл сайын дәл осы уақытта картопты қапшықтап алатындар базардағы бағадан шошынып отыр. Айналдырған бір аптаның ішінде еліміздің төрт аймағында құны еселеп өскен.

Осы уақытқа дейін Оралда картоптың келісі 55-тен сатылса, қазір 120 теңге. Ал Семейде жүз теңгеден 130-ға көтерілсе, Қарағандыда келісі 80 теңгелік картоп 110-120 теңгеден сатылып жатыр. Ақтөбенің өзінде осыдан бір апта бұрын картоптың келісі жүз теңгеге жетпеген. Айналдырған аз күн ішінде саудагерлер үстіне 45-50 теңге қосып үлгеріпті. Ең қымбаты Ақтауда. Онда келісі 150 теңге.

Қазақстанда картоп қат өнім емес. Барлық аймақта өсіреді. Бірақ базар мен дүкен сөресіне жеткенше бағасының еселеп өсетініне тұрғындар ашынып отыр.

Ләззат Мұсаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Түсінбей қалдық. Халыққа  обал.

Жері құнарлы Оралдың өзі жылда картоптан тарықпайтын. Өнімі көптіктен бағасы да арзан еді. Бірақ биыл мұнда да қымбатшылық.  Биліктегілер құнды ұстап тұруға қауқарсыз екендерін мойындайды. Өйткені көрші өңірлерді қойып, басқа елдер де картопты көтере сатып алып жатыр.

Жасұлан Халиулин, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

-Көршілес облыстардан, сонымен қатар көршілес елдерден, оның ішінде Өзбекстанда картоп өнімінің өнімдігілі төмен болуымен байланысты болып отыр. Біздің тауар өндірушілеріміздің алқаптарынан келіп басқа өңірден немесе басқа елден келіп сатып алушылар өңделген өнімді алып кетуінен болып отыр.     

Еліміздің шығысы мен орталығындағы саудагерлер бағаның мұнымен тоқтамайтынын ашық айтып отыр. Жаңа жылға дейін тағы екі есе қымбаттап, көктем шыға бір келі картоптың құны жарты келі еттің бағасымен пара-пар болуы мүмкін. 

Марат, саудагер:

-Картошка көп емес. 500 теңгеге дейін баруы мүмкін көктемге дейін. Бірақ арзандамайды.

Қай өңірдің диханы болмасын егінді баптау қиынға соғып отырғанын айтады. Өйткені жанармайдан бастап, жерді күтуге қажет химиялық қоспаларға дейін қымбаттаған. Сондықтан күз бойы жиған-тергендерін арзанға сатпаймыз деп отыр.

Тимур Дүсіпов, шаруа қожалығының агрономы:

-Биыл алдымен картопты елу теңгеден сата бастадық. Артынша келісін 120 теңгеге көтердік. Мұны әдейі істеп отырғанымыз жоқ. Біріншіден жанармай бағасы өсті. Тіпті, гербицид пен фунгицидтің өзін былтырғыдай емес, қымбатына алып отырмыз. 

Қазір биліктегілер картоптың бағасына қатысты түрлі уәж айтады. Бірі қуаңшылықты желеу етсе, өзгесі жанарамайды алға тартады. Дегенмен, көкөніс құнын өсірмеуге тырысып жатырмыз деген үйреншікті уәделерін де ұмытпайды.

-Картоп тұрғындардың жеңсік асына айналмауы үшін шенеуніктер енді апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырып, тұрақтандыру қорын картоппен толтыруды жоспарлап отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.