{metadescription}
Алматылық ақ халаттылар қос бірдей әріптесінің өмірін үзген ұшақ апатының  себебін білгісі келеді
Алматылық ақ халаттылар қос бірдей әріптесінің өмірін үзген ұшақ апатының  себебін білгісі келеді

Алматылық ақ халаттылар қос бірдей әріптесінің өмірін үзген ұшақ апатының себебін білгісі келеді

Қазаның арты жабулы қазан күйінде қалмауы тиіс. Көбісінің ендігі санавиациямен ұшуға жүректері шайлығып қалған. Өйткені, аутсорсингке берілген әуе тасымалына соңғы жағдайдан соң сенімдері жоқ мүлде. Шұғыл медициналық қызметтегі қауіпсіздікті күшейтуді сұрағандар бүгін қызметтік іс-сапарға кетіп қайтпаған екінші әріптестері Жәнібек Артықбаевты жерледі. 

Кілең жүрек ауруларын емдейтін мекемеде бүгін жүрегі ауырмаған адам жоқ. Медицинаның мықтыларынан бастап, қарапайым жас маманға дейін көзіне жас алған. Өйткені марқұм көзі тірісінде үлкенге де, кішіге де қамқоршы болыпты. Дәрігермен қоштасуға бас-аяғы жүзден аса адам келді. Көбі, Артықбаевтың арқасында аман қалған азаматтар екен.

Кісі өмірін құтқарамын деп қызмет бабында қаза тапқан Жәнібек Артықбаевты әріптестері Кардиология институтының шаңырағынан шығарып салды. Ұшақ құлаған күні дәрігер осы есіктен шығып кеткен екен. Марқұмның артында жұбайы мен қос ұлы қалды. Жұрт қанша жұбатуға тырысқанмен, ай мен күннің аманында азаматынан айырылған жесірі табыттың артынан еріп кете жаздады.

Ал марқұмның жолдастары қазаның арты жабулы қазан күйінде қалмаса екен дейді. Жәнібек Артықбаевтың әріптесі әрі жақын досы Төлеген Егембердиев апат орнын қазбалаған комиссиядан құлаққа қонымды қорытынды күтеді.

Төлеген Егембердиев, Жүрек тамыры хирургиясының профессоры:

-Жәнібектің осылай болады деген ешкімнің ойына да келген жоқ. Ол адал еңбегімен адамды көмектесу, құтқаруға ұшып бара жатқанда  осындай жағдайға ұшырағаны бізге өте қайғылы. Біз Жәнібекті есте сақтаймыз және не себептен болғанын білгіміз келеді.

Ал соңғы жағдайдан соң дәрігерлер бізді де«санавиацияға шақырта ма» деп жандарын шүберекке түйіп жүр екен. Сондықтан да шұғыл медициналық қызметкерлерді таситын әуе кемелерінің түгел тексерістен өткенін қалайды. Ал мамандарының қатары бір мықтыға азайған ғылыми институттың алдағы уақытта Жәнібек Артықбаевтың атымен аталуы мүмкін. Марқұмның әріптестері министрге осындай өтініш жолдамақшы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде