{metadescription}
Тікелей эфир: Ресейде пойызбен соқтығысқан автобустың қожайыны ОҚО тұрғыны болып шықты
Тікелей эфир: Ресейде пойызбен соқтығысқан автобустың қожайыны ОҚО тұрғыны болып шықты

Тікелей эфир: Ресейде пойызбен соқтығысқан автобустың қожайыны ОҚО тұрғыны болып шықты

Ресейде жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандардың нақты саны белгілі болды. Қазақстандық автобус пен пойыздың соқтығысынан 16 адам көз жұмған. Арасында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер де бар. Айта кетерлігі  Мәскеуден өзбек азаматтарын әкеле жатып апатқа түскен шымкенттік нөмір таққан автобус тапсырыспен адам тасымалдайтын жеке серіктестікке тиесілі екен. Сол көлікті тізгіндеген қазақстандық екі жүргізушінің бірі көз жұмса, екіншісі қазір тергеушілерге жауап беріп жатыр. Олар өзбек азаматтарын Шымкент арқылы отанына апармақ болған екен.Қазір студиямен тікелей байланысқа...

таналық тілшіміз шыққалы тұр. Қайырлы кеш Досжан. Ресей құтқарушыларын аяғынан тік тұрғызған апат туралы соңғы ақпараттармен бөліссең.

-Қайырлы кеш әріптестер! Соңғы ақпарат бойынша жол апатына автобустың әлсіз аккумуляторы себеп болған екен. Бұл туралы сәл кейінірек.

Жалпы, жол апаты Владимир облысы Пакровка елді мекенінде болған. Мәскеу облысынан Шымкентке одан әрі Өзбекстанға бет алған автобус темір жол өткелінен өтіп бара жатып кенет моторы өшіп қалған. Сол сәтте қарама -қарсы бағыттан жолаушылар пойызы келе жатқан екен. Машинист, бірден тежеуішті басқанымен, отарба тоқтап үлгермей автобусты бүйірінен соғып, екіге бөліп жіберген. Мына кадрлерден оны анық көруге болады. Жантүршігерлік жол апатынан 16 адам қаза тапқан. 5-еуі ауыр әлде ауруханада жатыр.

Владимир Мягков, «РЖД» АҚ департамент басшысы:

-Машинистке қояр ешқандай кінә жоқ. Пойыз сағатына 90 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Ол автобусты 400 метрден көріпті. Бірақ, тежегішті бірден басқанымен, тоқтап үлгермеген. Тіпті, автобусты екіге айырып, 300 метрге дейін сүйреп әкетіпті.

Ал, ресейлік құтқарушылардың айтуынша, автобус оталмай темір жол өткелінде тұрып қалған соң, жүргізуші салонда ұйықтап жатқан жолаушыларды айқайлап оятқан екен. Бірақ, қалың ұйқыдан жартысы ғана оянып далаға шығып автобусты итеріп оталдыруға ұмтылған. Бірақ, қас-қағым сәтте пойыз жетіп келген. Қатты соққыдан автобус ішінде ұйықтап жатқандар бірден сол жерде тіл тартпастан кетіпті. Ал, сырттағылар пойызды көріп қашып кеткен. Сөйтіп олар аман қалды.

Руслан Блинов, Владимир облысы ТЖБ бастығының орынбасары:

-Автобус жүргізушісінің айтуынша, дәл темір жол өткелінде тұрып қалған көлік оталмай қойыпты. Яғни, аккумуляторы әлсіз болған екен. Ал, аман қалғандарға қазір жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр.

-Досжан, пойыз соққан автобустың еліміздікі екені белгілі. Ол қайда бара жатқан? Және ішінде кімдер болыпты?

Иа, дұрыс айтасыз, тексере келе автобустың Қазақстандыкі екені анықталды. Нақтыласам Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағашта жеке адамның атына тіркелген. Ол тапсырыспен адам тасымалдаумен айналысқан екен. Бұл жолы да Ресейде жұмыс істеген өзбек азаматтарын Оңтүстік Қазақстан облысы арқылы отандарына әкеле жатыпты.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, автобустың ішінде 55 жолаушы болған. Барлығы өзбекстан жұмысшылары және екі Шымкент тұрғыны болған. Олар автобус жүргізушілері. 40 жастағы Нұрғали Сарманов пен 47 жастағы Данияр Шілдебаев. Соңғысы оқиға орнында қаза тапқан. Ал, тірі қалған екінші жүргізуші Сармановты Ресейдің  полицейлері қазір тергеп жатыр.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Сыртқы істер министрлігі біздің азаматтардың туысқандарына қажетті жәрдем көрсетілетін болады.

Қазір апат бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал, автобусты соққан пойыз Санкт-Петербургтан-төменгі Новгородқа бара жатқан екен. Ондағы жолаушылар аса қатты зардап шекпеген.

-Досжан, автобус қанша адамға шақталған? Салонда артық адам болған ба, негізі?

Иә, автобуста 54 адам отыратын орындық бар. Бірақ кейбір мәліметтер бойынша, көлікте артық кісі болған. Тіпті Қазақстан нөмірін таққан жүргізушілер тәртіп сақшыларынан қашу үшін бірнеше рет бағытын өзгерткен. Енді тірі қалған отандасымыздан жауап алынып болған соң, оған ресми түрде  айып тағылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде