Жеті жеңіліс, үш тең ойын
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бір рет те жеңіске жетпестен әлем біріншілігіне іріктеуді аяқтады. Соңғы ойынды біздің аяқдопшылар өз алаңында Арменияға қарсы өткізді.
Автор: Асыл Махмет
09.10.2017
Бұл кездесудің екі құрама үшін де маңызы жоқ еді. Себебі, 2018-ші жылы Ресейде өтетін әлем біріншілігінің жолдамасы көзден әлдеқашан бұл-бұл ұшқан. Бірақ ойын Қазақстанда өтіп жатқандықтан футбол жанкүйерлері біздің жігіттерден жеңіс күтті. Астана-Аренаға 13 мыңға жуық адам жиналды. Алайда, баяғы жартас сол жартас. Есепті бірінші болып қонақтар ашты. 26-шы минутта Арменияның жұлдызды ойыншысы, Манчестер Юнайтеттің жартылай қорғаушысы Генрих Мхитарян Лориямен бірге-бір шығып гол соқса, Қазақстан тек 62-ші минутта есепті теңестіре алды. Бізді кезекті жеңілістен құтқарып қалдған Бауыржан Тұрысбек. Сөйтіп Қазақстан ұлттық құрамасы бірде-бір рет жеңіске жетпей әлем біріншілігіне іріктеуді аяқтады. Топта көш соңында қалдық. Алдымызда Армения. Ал топ басында Польша мен Дания. Ресейдегі чемпионатқа да осы екі құрама барады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!