Лас-Вегаста 59 адамды жайратып тастаған қаскөйден жауап алына бастады
Лас-Вегаста 59 адамды жайратып тастаған Стивен Пэддокпен қарым-қатынаста болған жезөкшелерден жауап алына бастады. Қаніпезермен төсектес болған 27-жастағы әйел клиентінің ақыл-есінің дұрыс еместігін байқағанын айтыпты.
Автор: Асыл Махмет
09.10.2017
Жеңіл жүрісті келіншектермен көңіл көтергенді ұнататын 64 жастағы Пэддок олармен төсек қатынасы кезінде күш көрсетеді екен. Әкесін де мақтап, оны жиі еске алатын көрінеді. Айта кетсек, Пэддоктың әкесі Бенжамин атақты банк тонаушы болған. Ол 1969 жылы түрмеден қашып кетіпті. Пэддок жезөкшелермен саяси жағдай жайлы да көп салғыласады екен. Мәселен, 11-ші қыркүйектегі террактыны АҚШ билігі жасады дегенді үнемі қайталап жүрген. Естеріңізге сала кетейік, Лас-Вегестағы музыкалық фестиваль кезінде қаскөй қонақ үйдің 32 қабатынан оқты қарша боратып адамдарды қынадай қырған. Атыстан 59 адам көз жұмып 500ге жуығы жарақат алды. Сол мезетте көзі жойылған Пэддок АҚШ тарихында ең қанды қырғын ұйымдастырған қылмыскер ретінде қалмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!