Атыраулық адвокаттар ашулы
Олар Парламентте қаралып жатқан “Адвокаттық қызмет туралы” заң жобасы қабылданып кетсе, басымызға қара бұлт үйіріледі деп отыр. Өйткені Әділет министрлігі дайындап, ұсынып отырған заң жобасы қорғаушылардың құқықтарын шектеп, есесіне міндеттерін көбейтпекші.
Автор: Жанар Низамутдинова
09.10.2017
Нақтырақ айтқанда, ешкімге қол жаймай, түрлі сот отырыстарына қатысу арқылы өз-өзімізді асырап отырмыз деген адвокаттар өздерін заңгер -кеңесшілерімен теңестіріп қойғанына наразы. Өйткені жаңа заң жобасында олардың көрсететін қызметі кәсіпкерлікке жатады екен. Сондай-ақ, олар өздерін тәртіптік және аттестациялық кеңестен атқарушы билік өкілдерінің өткізуіне қарсы. Бұл өз кезегінде адвокаттардың тәуелсіздігіне қол сұғушылық болмақ. Олар осы және өзге де мәселелерді 14 қазан күні Астана қаласында өтетін адвокаттардың кезектен тыс съезінде көтереміз деп отыр.
Игорь Вранчев, адвокат:
- Біздің адвокаттар алқасының өзін өзі тарату құқығы бар. Ал мына заң жобасы қабылданса, адвокатура саласының өзін құрдымға жібергелі тұр. Бұл заң шынымен де қабылданып кететін болса, өз-өзімізді таратып жібереміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!