{metadescription}
Денсаулық сақтау министрлігі «СК-Фармация» басшысының не себепті тұтқынға алынғанын әлі білмейді
Денсаулық сақтау министрлігі «СК-Фармация» басшысының не себепті тұтқынға алынғанын әлі білмейді

Денсаулық сақтау министрлігі «СК-Фармация» басшысының не себепті тұтқынға алынғанын әлі білмейді

Еліміздегі дәрі-дәрмек тасымалына жауапты компания төрағасы Максим Касаткин өткен айдың ортасында қамалған болатын.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі:

-Бүгінгі күні «СК-Фармация» ЖШС басшысының ұсталу сепептері және оған тағылған айыптаулар туралы нақты мәліметтер жоқ. Қазіргі кезде 2015 жылы өткізілген дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Яғни, Максим Касаткиннің қолына не үшін кісен салынғаны әзірге айтылмай отыр. Белгілісі, оны өткен айда Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның қызметкерлері ұстаған. Жалпы, Касаткин төраға орынтағына үлкен даудан соң биыл ақпан айында тағайындалған болатын. Бірақ, бір жылға жетпей шатылып жатыр. Айта кетейік, бұл осы саладағы алғашқы ірі тұтқындау емес. Бұған дейін Денсаулық сақтау ведомствасына қарасты Фармация комитетінің төрайымы міндетін атқарушы Лариса Пак та ұсталған. Шенеунік мемлекеттік сатып алуларда дәрі-дәрмектің құнын көтермелеп, ақша жымқырды, рұқсат қағаздарды ақшаға сатты деп айыпталуда. Мәліметтерге қарағанда ол 10 млн теңге көлемінде пара алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.