Жұмыс берушілердің қызметкерлері алдындағы қарызы 1 миллиард теңге жетті
Еңбектен келген ажал. Елімізде жыл сайын 250 адам жұмыс орнында қаза табады. Және құрылыс алаңы мен кәсіпорындарда қызмет етіп жүрген мың жарым азамат түрлі жарақат алып, мүгедек болып жатыр. Мұндай қайғы-қасіретке жылдап жалақысын ала алмай жылап жүргендерді қосыңыз. Қазір компаниялардың қарамағындағы қызметкерлерге 1 миллиард 200 миллион теңге берешегі бар. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты. Қазір осы тақырыпты тікелей эфирге шыққалы тұрған астаналық әріптесім Жәудір Оразхан жалғастырады. Жәудір, қайырлы күн. Елімізде өндірістік қаза...
Автор: Жәудір Оразхан
09.10.2017
й салада жиі кездеседі екен?
Қайырлы күн, Мәдина. Министрдің мәліметіне сүйенсек, көпқабатты үйлер, ғимарат салып жатқан құрылысшылар мен түрлі зауыттарда жұмыс істейтін азаматтар арасында абайсызда қаза тапқандар саны көп. Жылына 250 адам өндіріс орнында жан тапсырады деп бүгін Тамара Дүйсенованың өзі айтты. Ал жарақат алып, мүгедек болып қалып жатқандар қаншама.
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
-Жылына 1500 жұмысшы өндіріс кезінде түрлі жарақат алады. Соңғы 5 жылда 2600 адам кәсібінен ауру тапқан. Көбіне жұмыс беруші орындар қауіпсіздік талаптарын сақтамайды.
Адал еңбекақысын ала алмай, жылап жүргендердің де қатары жетерлік. Қазір компаниялардың 1 миллиард 200 миллион теңге жалақы берешегі бар. Ал жұмысшыларға қарыз мекемелердің көбі банкрот болған. Енді министрлік жұрттың жалақысын жеке сот орындаушылар арқылы алып бермек.
-Жәудір, ал қызметкермен келісім-шартқа отырмай, яғни, салық, зейнетақы қорына қаржы аудармай-ақ, жұмыс істеп жүрген компаниялар көп пе?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ешбір құжатсыз азаматтарды жұмысқа қабылдаған мың мекемені анықтапты. Мұндай жағдай құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығымен айналысатын компанияларда көп кездеседі екен. Салдарынан миллионға жуық еңбек етіп жүрген азаматтың зейнетақы қорына бір тиын да аударылмаған. Оған азаматтардың өздері де кінәлі дейді Тамара Дүйсенова.
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
-Әрқайсымыз жұмысқа барған кезімізде жұмысшымен ең бірінші жұмыс шартымен келісіп алуымыз керек. Кейін жұмысқа түсуіміз керек. Көбіне біз осы нәрсені естен шығарамыз. Одан кейін соңында менің жалақымды төлемей жатыр, яки болмаса жұмыста ұстап жатыр дейді.
Сондай-ақ, Дүйсенова қызметкерлерді түнге дейін жұмыста ұстайтын мекемелерге қатысты да тексеру жүргізіпті. Өйткені, 5 мың азаматтан шағым түскен. Тәртіп бұзғандарды сотқа беріп, айыппұл төлеткен. Министр заң бойныша адам күніне 8 сағаттан артық жұмыс істеуге міндетті емес екенін ескертті. Ал басшылар қарамағындағыларды кешкі 6-дан кейін кеңседе ұстау үшін қызметкердің жазбасаша рұқсатын алуы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!