Елімізде АИ-92 162 теңгеден сатылып жатыр
Жанармай бағасы ақыры өсіп тынды! Бірнеше күннен бері бекеттерден таптырмай жатқан көлік отыны тағы қымбаттай түсті. Тапшылықпен қабаттасып түсініксіз ойынды бастаған бекет иелері ең көп сұранысқа ие Аи-92 маркалы бензинді бүгіннен бастап 162 теңгеден сатуға кірісті.
09.10.2017
Бұл кішігірім жанармай бекеттерінің ойлап тапқан жаңа бағасы. Тап мұндай қымбатшылық бұрын-соңды болмаған. Бір қызығы сол, мұнда тапшылық жоқ. Ал ірі бекеттерде бұрынғы баға сақталғанымен, бензин жоқ. Тек талоны барларға ғана құйып беріп жатыр. Ал мұнай бұрғылаудан әншейінде алдына жан салмайтын «ҚазмұнайГаз»-дың сауда орындары болса, мүлдем суалып тұр. Есесіне, жүргізушілердің шыдамы жарылуға шақ тұр. Бағаны көтерудің амалын тауып, білгенін істеген жанармай бекеттеріне қарсы көлік иелері ертең жаппай наразылық шарасын ұйымдастырмақшы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!