{metadescription}
Тазы мен төбет ерткен қазақтың саятшылық өнері кенжелеп қалған
Тазы мен төбет ерткен қазақтың саятшылық өнері кенжелеп қалған

Тазы мен төбет ерткен қазақтың саятшылық өнері кенжелеп қалған

Көкшетауда таза қанды тазылар мен төбеттер көрсетілген иттер көрмесінде ұлттық аң аулау дәстүрін қайта қолға алу мәселесі көтерілді. Құмай тазы мен төбеттерін ерткен әуесқой аңшылар бұл күні сүйікті жануарларын тағы бір рет сыннан өткізді.

Бірінші республикалық ұлттық және аңшылық иттердің көрмесіне қатысуға тиіс 160 тазы мен төбеттің 60-ы ғана әкелінді. 5 облыстан құмай тазылары мен төбеттерін ерткен кәнігі аңшылар жиналды. Көрмеге өздері баптап өсірген сүйікті жануарларын шығарып, олардың таза қанды тазы екендіктерін дәлелдеуге тырысты бақты.

Қазіргі уақытта жер бетінде иттердің 400-ден астам түрі бар екен. Соның 50-ден астамы аңшылыққа машықтанған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазір азулы төбеттерді төбелестіріп, оны бизнес көзіне айналдыру – асқан қатыгездік. Бірақ, бұған тиым салынбай отыр. Ал көрменің көздегені – қазақы және аңшылық иттерді насихаттау, сондай-ақ, қолда бар тазы мен төбеттің өсіп-өнуін  қадағалау.

Оралбай Әбдікәрімов, «Қансонар» аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері  республикалық қауымдастығының төрағасы:

-Ешкім бұнымен шұғылданған жоқ. Не үкімет жағынан,не басқа жағынан. Әркімдер жеке-жеке сақтап қалғандары бар соның арқасында .2014 жылы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрық шығарып, стандартын бекітті. Әрбір қазақ тазысы қандай болуы керек, төбет қандай болуы керек.

-Таза қанды тазы ит екенін анықтау үшін бүгінгі шараға арнайы Қырғызстан мен Өзбекстаннан сарапшылар шақырылған. Олар қазір бұл иттердің құлағының ұзындығы мен мойнының ұзындығын, тіпті көзінің орналасуына дейін салыстырып қарайды. Егер де стандартқа сай болса ғана, оларға тазы ит деген төлқұжат беріледі.

Әрбір итті осылай қарап шыққан сарапшылар бағасын беріп жатты. Нақты тазы ит пен таза қанды төбет екені анықталғандарға аңшылық шаруашылығында түлкі, қоян, борсық аулауға жолдамалар берілді. Төлқұжаттар да берілетін болады. Мұндай құрмет иеленген иттердің негізі астаналықтар екенін айта кетейік

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.