{metadescription}
Ақтауда 300-ден аса ойыншысы бар «Каспий» футбол клубының балалар секциясы жабылғалы жатыр
Ақтауда 300-ден аса ойыншысы бар «Каспий» футбол клубының балалар секциясы жабылғалы жатыр

Ақтауда 300-ден аса ойыншысы бар «Каспий» футбол клубының балалар секциясы жабылғалы жатыр

Мұны естіген ата-аналар перзенттерінің болашағы үшін алаңдаулы. Айтуларынша, жасөспірімдер жаттығып жүрген спорт кешендері жеке меншікке берілмекші екен. Клуб басшылары болса, мұнда қызмет етіп жүрген 14 жаттықтырушыға ай соңына дейін жұмыс орындарын босатуды бұйырыпты. Мәселені көтеріп спорт басқармасынан бір-ақ шыққан жұртты атқамінерлер ғана сабырға шақыра алды. Ескі клубты таратып, судай жаңа орталық ашуға сөз берген олар мәселе жақын арада шешіледі деп отыр.

Футбол клубы жабылады дегенді естіген ақтаулықтардың атқамінерлерге деген өкпесі қара қазандай. Айтуларынша, аталмыш спорт түрі бойынша өңір соңғы рет 16 жыл бұрын премьер лигаға өткен екен. Ал шаһардағы жалғыз алаңның тозығы әбден жетіпті. Тіпті ол арнайы талаптарға сай емес көрінеді. Ал футбол клубы мүлде жабылады деген сыбыс ата-аналардың ашуын туғызды.

-Біз біреуге барғанда бізді сөзбен шығарып салады. Әрі қарай жұмыс жоқ. Үстінде государство балаларды спортқа баулыңдар дейді. Енді біз берсек, ликвидация деп отыр.

-Мысалы менің балам, менің өзім де футболмен айналысқам. Өзім ауырам футбол үшін. Сіз келдіңіз де бүкіл балалардың үмітін шауып тастадыңыз. 

Футбол клубының жеке меншікке берілетінін естіген жұрт енді балаларының жағдайы үшін алаңдаулы. Спорт секцияларының жетекшілері болса, 25-ші қазанға дейін жұмыс орындарын босатулары тиіс екен. Ал балаларының болашағынан зор үміт күтетіндерін айтқан ата-аналар енді өз қалталарынан ақша шығаруға мәжбүр.

Асқар Келжанов, жаттықтырушы:

– Өкінішті, әрине. Жаттықтырушы ретінде, спортшыларымның жағдайы үшін алаңдаймын. Біз далада қалмаймыз ғой. Ал балалар 26-шы қазаннан кейін қайда барады? Ата-аналар келіп, реніштерін білдіруде. Олар тіпті залды жалға алып, жаттықтырушыға да ақша төлеуге әзір. Бірақ мәселе оған дейін жетпей шешіледі деп сенеміз.

Бірнеше жыл бұрын мәселені шешуге сөз берген атқамінерлерге ата-аналардың енді сенгісі жоқ. Десе де, ескі алаңды жауып, су жаңасын ашамыз деген шенеуніктер әбден тозған нысандарды шұғыл жабуға мәжбүр болыпты.

Бекболат Байжанов, Маңғыстау облыстық спорт басқармасының басшысы:

-Астының бәрі шіріп кеткен. Ал ойнатайық балаларды, қазір құлап түссін, кім жауап береді оған? Шешеміз бәрін, ақылдасамыз, шешеміз дедім ғой сізге айтамыз.

-Шешкенше қайда жүреді балалар?

-Қазір күн жылы ғой. Одан кейін шешеміз.

Спорт басқармасындағылардың айтуынша, жаңа футбол клубы жаңа жылға дейін ашылуы тиіс. Тек жас футболшылар екі ай шыдаса болғаны дейді олар. Бұдан соң көп кешікпей судай жаңа футбол алаңы ашылады деп жоспарланып отыр. Ал шенеуніктердің уәдесіне тойған жұрттың бұған тағы сенуден басқа амалы жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.