{metadescription}
Петропавлдың тәртіп сақшылары жарты жыл бойы іздеген хакерді қолға түсірді
Петропавлдың тәртіп сақшылары жарты жыл бойы іздеген хакерді қолға түсірді

Петропавлдың тәртіп сақшылары жарты жыл бойы іздеген хакерді қолға түсірді

Ол мобилдік трафикті ұрлаумен айналысқан. Хакердің пәтерінен түрлі техника мен құрылғылар табылды.

Ұялы байланыстың «хас шебері» алғашқында тәртіп сақшыларынан айласын асырмақ болып еді, ол әрекеті жүзеге аспады. Кінәсін ақыры мойындапты.  Тұрғындарға шығын келмеген. Ол мобильді оператордан трафикті ұрлап, қайта сатқан. Әсіресе, халықаралық байланысқа сұраныс көп болған. Хакердің жасы – 25 те. Жоғары техникалық білімі бар, бірақ еш жерде жұмыс істемейді. Бұл «хакерлік кәсібімен» қашаннан бері айналысып келе жатқанын тергеушілер анықтамақ.  Оның пәтерінен ұялы телефонның сан түрі, модемдер, 5 мыңдай пайдаланылған телефон нөмірлері, ақша аударылымдарының түбіртектері, ноутбуктар мен микросхемалар табылған. Әзірге ұялы байланыс компанияларына қанша шығын келтіргені есептеліп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.