{metadescription}
Алматыда жалған доллар жасағандар ұсталды
Алматыда жалған доллар жасағандар ұсталды

Алматыда жалған доллар жасағандар ұсталды

Алматының іргесіндегі сауда орталықтарының бірінде қолдан жасалған 30 мың АҚШ долларын теңгеге айырбастамақ болған төрт жігіт ұсталды. Оның екеуі Тәжікстан азаматы болып шықты.

Қалған екеуі Қазақстан азаматы. Экономикалық тергеу қызметкерлері әлгілердің көліктерін тексере келгенде бума-бума күйінде тұрған номиналы жүз долларлық ақшаларды тауып алды. Жасанды қаржының жалпы көлемі 3 миллион 60 мың теңгені құрайды. Әмияндарына да 100 долларлықтың жетеуін салып алыпты. Тұрып жатқан жерлерінен тағы 20 данасы табылған. Төртеуі де Іле аудандық уақытша ұстау абақтысына жабылды. Қазір өтірік ақшаны қайдан алғаны және басқа да қылмыса қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде