СҚО әкімі тұрғындарды жылусыз қалдырған шенеуніктерге шүйлікті
Қаһарына мінген Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов бүкіл Петропавлды жылусыз қалдырған шенеуніктерді жаппай жазалай бастады. Қағаз жүзінде бәрі керемет деп, кейін нақты істе олай болмай шыққаны үшін аймақ басшысы өзінің орынбасары мен қала әкіміне сөгіс берді.
Автор: Руслан Әбдіхалық
09.10.2017
Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
-Иә, сендер жылу бергендей болдыңдар. Бірақ пәтерлерде суық қой. Сіздер өз жұмыстарыңызға жауапсыз қарағансыздар. Осының бәрін бақылау сіздердің тікелей міндеттеріңіз емес пе? Мұны қалай түсінеміз?!
Облыс басшысының тұрғын үй шаруашылығына жауапты орынбасары Антон Федяев пен Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетовті Құмар Іргебайұлы әріптестері алдында жерден алып, жерге салды. Өңір басшысының пайымынша, дәл осы шенеуніктер жылу құбырларын қайта жөндеу жұмыстарын кешеуілдетіп, жағдайдың ушығуына себепкер болған. Қазір жылу жүйелерінде жиі-жиі апатты жағдайлар болып, соның кесірінен тұрғын үйлер жылудан ажыратылған. Тіпті, кейбір баспаналар мен бірталай әлеуметтік нысандар әлі күнге жылуға қосылмапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!