{metadescription}
Өскемендік өрт сөндірушілер қауіпсіздік ережелерін пакеттерге жаза бастады
Өскемендік өрт сөндірушілер қауіпсіздік ережелерін пакеттерге жаза бастады

Өскемендік өрт сөндірушілер қауіпсіздік ережелерін пакеттерге жаза бастады

Қағаз тиімді болмай, целлофанға көшті! Өскемендік өрт сөндірушілер арнайы кітапшалардан қайран болмаған соң қауіпсіздік ережелерін пакеттерге жаза бастады. Айтуларынша, тек сөйтсе ғана жұртты қауіптен сақтау мүмкін.

Өрт қауіпсіздігі жайлы ескертпе қағаздардың көптеп таратылатынына қарамастан, өңірде зардап шегушілердің саны мүлде азаймапты. Қайта көбейе түскен. Мәселен, жыл басынан бері 200 адам газдан уланып, ауруханадан бір-ақ шыққан. Арасында өліммен аяқталған жағдайлар да бар. Құтқарушылар оны жұрттың қауіпсіздік ережелеріне атүсті қарауынан деп отыр. Себебі, көбі қолына ұстатқан қауіпсіздік ережесін оқымай, қоқысқа тастай салады екен. Енді өрт сөндірушілер оның амалын тауып, өрттен сақтану шараларын пакеттерге жазып жатыр. Айтуларынша, күнделікті үй шаруасына қажетті затты оп-оңай лақтыра салуы екіталай.  

Анастасия Скляр, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

-Осындай шараға баруға мәжбүр боп отырмыз. Себебі, жұрт қағазға жазылғанды оқуды қойды. Әзірге, өрт қауіпсіздігі жазылған 50 мың пакет шығардық. Алда, тағы тапсырыс беретін боламыз.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде