Оралда әуе кемесі шассисіз қонды
Ұшаққа қатысты тағы да апатты жағдай. Бұл жолы Оралда «Air Control» авиакомпаниясына тиесілі әуе кемесі шассисіз қонды. Қайта, борт тексеріс мақсатында ұшқан. Сондықтан ішінде жолаушы болмаған.
Автор: Аруна Ортай
11.10.2017
Оқыс оқиғадан соң әуежай іле-шала жабылды. Әне-міне жолға шыққалы жатқан Алматы және Ақтау қалаларына рейстер тоқтатылып, жолаушылары түні бойы әуежайдың ішінде күтіп отырған. Тек таңға жуық ұшып кету мүмкін болды. Шассиі істемей қалған "Super King Air 350" жолаушылар ұшағы екен. Ал апатты жағдайға қатысты «Air Control» компаниясының берген түсініктемесі, тіпті, күлкілі. Айтуларынша, терезесіне құс соғылып, салдарынан ұшақтың дөңгелегі шықпай қалыпты. Жалпы, экипаж мүшесі 3 адам болған. Екі пилот пен техник. Бәрі аман. Естеріңізге салсақ, осы айдың басында ғана Алматы облысында санавиация ұшағы құлап, 5 бірдей адам қаза тапқан болатын. Апаттың себептері әлі анықталған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!