{metadescription}
Тікелей эфир: Депутаттар жұртты жанармай іздетіп  тентіретіп қойған Үкіметті тағы айыптады
Тікелей эфир: Депутаттар жұртты жанармай іздетіп  тентіретіп қойған Үкіметті тағы айыптады

Тікелей эфир: Депутаттар жұртты жанармай іздетіп тентіретіп қойған Үкіметті тағы айыптады

Халық қалаулыларының айтуынша, шенеуніктер Президенттің төртінші мұнай өңдеу зауытын салу туралы тапсырмасына құлақ аспай, қолдан бензин тапшылығын жасап отыр. Мәжілісмендердің  Үкіметке қойған талабын қазір тікелей эфирге шыққалы тұрған тілшімізден сұрап көрейік. Жәудір, қайырлы күн! Сонда тұрғындар шенеуніктердің  шалағайлығынан зардап шегіп отыр ма?

-Қайырлы күн, Мәдина! Иә, депутаттардың айтуынша, Қазақстанның жанармайдан тарығатын еш жөні жоқ. Қазіргі тапшылық - қолда бар мұнайды өңдеу ісін  алдын-ала жоспарлап, сұранысқа сай өнім ұсына алмаған Үкіметтің қателігі.

Мәжілісмен Айқын Қоңыров жауапты министрлер, тіпті, бензинге қатысты Президенттің тапсырмасына құлақ аспай, соңында елді шулатып қойды деді. 

Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты:

-2014 жылы Президент жаңа мұнай өңдеу зауытын салуды тапсырған. Бірақ Үкімет бар зауыттарды жөндеуден өткізуге шешім қабылдады. Яғни, төртінші кәсіпорынды керек қылмай, құрылысынан  бас тартты. Енді азаматтарда мынадай сұрақ туындап отыр: жағдайды осылай ушықтырып қойған Үкіметтің бізге қажеті не?

Сондықтан, министрлер ел алдында жауап берсін деп отыр депутат.  Сондай-ақ, Елбасының төртінші зауыт салу туралы тапсырмасынан бас тарту  туралы ұсыныс жасаған адамның атын атуды талап етті. Және Үкіметтің ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтуға қатысты ұзақ мерзімді жоспарын көрсетуді  сұрап, премьер Бақытжан Сағынтаевқа сауал жолдады.

Жәудір,  ал Мәжілісте бензин бағасына қатысты сөз болды ма?

Болды. Депутаттар  Үкімет жанармай бағасын да алдын ала жоспарлау керек еді дейді. 2016-2017 жылдары тұтынушының құқығын қорғау мақсатында монополияға, бағаны қолдан көтергендерге қарсы қандай  шаралар атқарылғанын сұрады.

Өйткені, жанармай тапшылығынан тұрғындар күнде тұтынып жүрген тауарлар мен қызмет құны қымбаттайды дейді мәжідлісмендер. Қазір онсыз да мұнай өңдеу саласын тиімді басқара алмаған министрлер мен әкімдердің қателігінен қарапайым халық зиян шегуде.

Депутаттар жанармай нарығындағы тығырықтан шығудың жолын ұсынды ма?

Мәжілісмендер мәселені шешуге болады дейді. Ол үшін ең алдымен өндірісті дамытудың нақты жоспарын құру керек. Сондай-ақ, елімізге көмір мен газ, бензин жеткізіп отырған компанияларды қатаң бақылауға алу қажет. Ал орынбасарларды жұмыстан босатқанна бензиннің мәселесі шешілметінін депутаттар ашық айтып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.