Үкімет отан қорғаушыларды жаппай үймен қамтымақ
Жаңа жылдан бастап баспанаға кезекте тұрған 60 мыңға жуық әскери қызметкердің банктегі жеке шотына қосымша ақша түседі. Сол қаржының есебінен ипотекалық несиеге пәтер алуға болады.
Автор: Жәудір Оразхан
11.10.2017
Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
-Бастапқы төлемі нөлден 30 пайызға дейін. Жыл сайынғы төлем 5 пайыздан аспайды. Ол Астанада қызмет етсе, отбасы мүшесі төртеу болса, ай сайын банктің есеп шотына оған 200 мыңдай ақша түсіп тұрады.
Яғни, әскеридің отбасындағы әр адамға 18 шаршы метрден тиюі тиіс. Несиені толық мемлекет төлейді. Және қарызды 5-тен 20 жылға дейін бөліп өтеуге болады. Ол үшін бюджеттен 13 миллиардтан астам теңге бөлінген. Үкімет әскери зейнеткерлерді де ұмытпапты. Жылдар бойы жалдамалы пәтер жағалап жүрген демалыстағы офицерлер мен қызметте мерт болғандардың отбасына пәтердің толық құны өтемақы ретінде беріледі. Айта кету керек, егер жанұяда ерлі-зайыптылардың екеуі де әскери болса, өзара келісіп, пәтер біреуінің атына жазылады. Ал ажырасып кетсе, дүние екіге бөлінеді. Сондықтан, офицерге отбасын бұзу тиімсіз дейді вице-министр. Яғни, әскерилер арасындағы ажырасу азайуы мүмкін. Жаңа заң жобасын Мәжіліс еш қарсылықсыз, бірауыздан мақұлдады. Тіпті депутататрға құжат қатты ұнаған сыңайлы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!