Денсаулық сақтау министрлігіндегі жемқорлық дауы дәрі бағасына әсер етпейді
Бүгін медициналық препараттарға жауапты комитет төрайымы бағаны реттеу жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты.
Автор: Досжан Маратұлы
11.10.2017
Людмила Бюрабекова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің төрайымы:
-Жемқорлық дауына байланыста комитет мамандары жұмыстан қуылды. Сондықтан кадр тапшылығы болғаны рас. Бірақ, бұл дәрі-дәрмек бағасын реттеу жұмыстарына еш кедергі келтірмейді.
Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова бұл орынтаққа тамыз айында үлкен даудан кейін отырған болатын. Өйткені, бұған дейін комитетті басқарған Лариса Пакты Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро қызметкерлері ұстаған. Шенеунік мемлекеттік сатып алуларда дәрі-дәрмектің құнын көтермелеп, ақша жымқырды, рұқсат қағаздарды ақшаға сатты деп айыпталуда. Мәліметтерге қарағанда ол 10 млн теңге көлемінде пара алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!