{metadescription}
Ресейде шымкенттік автобустың қатысуымен болған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа дерек шықты
Ресейде шымкенттік автобустың қатысуымен болған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа дерек шықты

Ресейде шымкенттік автобустың қатысуымен болған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа дерек шықты

Адам өліміне әкеп соққан рейсті ұйымдастырған жерлесіміз өзбек жұмысшыларын заңсыз тасымалдаған. Әрі бұл қызметі үшін әрқайсынан қомақты қаржы жинапты. Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитеті хабарлап отыр. Ал, осы автобус пойызбен соқтығысқан уақытта рөлде отырып ажал құшқан жерлесіміздің мәйіті елге сол күйі жеткізілмеген.

Ресейде апатқа ұшыраған шымкенттік автобус кімнің нұсқауымен жүргені бүгін белгілі болды. Тергеу комитетінің мәліметінше, бәріне Байдолла Налтаев есімді ер адам кінәлі болуы мүмкін. Өйткені, екі жүргізушіні жалдап, автобусты Шымкенттен Мәскеуге алып шыққан сол дейді тергеушілер. Сондағы ойы еліне қайта алмай жүрген өзбек жұмысшыларын заңсыз жолмен отанына жеткізбек болған.

Елена Марковская, РФ Тергеу комитеті  басқарма басшысының көмекшісі:

-Рейсті ұйымдастырған Байдолла Налтаев құжатында шикілігі бар өзбек жұмысшыларын іздеп тауып, отанына жеткізу үшін ақша жинаған. Жақын арада Налтаевқа ресми айып тағылып, сотқа дейін қамауға алынуы керек.

Ал, қазір басы бәлеге қалған отандасымыз тергеу қапасында жатыр. Мәліметтерге қарағанда, ол заңсыз миграция үшін әр өзбек азаматынан 30 мың теңгедей жинаған екен. Сөйтіп, жолда тексерістен қашу үшін автобус бағытын бірнеше рет өзгерткен. Енді оның кінәсі дәлелденсе кемі 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бір айта кетерлігі бұған дейін Ресей тергеушілері апатқа кінәлі болған шымкенттік автобустың әбден тозығы жетіп, адам тасымалдауға жарамсыз болғанын айтқан еді. Бірақ, көлік қатынасына жауапты министрлік мұнымен келіспей отыр.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

-Егер автобус жолаушы тасымалына жарамсыз болса, көрші елдегі әріптестеріміз оны кіргізбеуі керек еді. Бірақ, білуімізше қазақстандық көлік Ресейге барлық талаптарға сәйкес өткен. Яғни, автобусқа қатысты ешқандай сұрақ туындамаған.  

Еске салайық, жантүршігерлік жол апаты Ресейде бес күн бұрын болған. Өзбек жұмысшыларын Шымкент арқылы отанына апармақ болған жерлестеріміздің автобусы Владимир облысында дәл темір жол өткелінің үстінде сынып қалған еді. Сөйтіп, оған Петербордан Төменгі Новгорадқа бара жатқан пойыз соғылып, автобусты екіге бөліп жіберген. Қатты соққыдан салон ішінде болған 16 өзбек азаматы мен рөлде отырған жерлесіміз Данияр Шілдебаев қаза тапқан еді.

-Қайтыс болған осы марқұмның мәйіті елгі әлі әкелінбеген. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше Данияр Шілдебаевтың денесі бүгін түнде тікелей рейспен Шымкентке жеткізілуі тиіс. Ал, ажалдан аман қалған екінші жүргізуші 40 жастағы Нұрғали Сарманов қазір Ресей тергеушілеріне жауап беруде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.