Семейде қаңғыбастарға көмек көрсетілді
Семейде қайырымдылық керуені тұрғылықты мекен-жайы жоқ қаңғыбастарға арналған қоғамдық орталыққа ат басын бұрды. Еріктілер оларға жұрттан жиналған қаржыға алынған заттарын табыстап, әннен шашу шашты.
Автор: Ұлан Нұрахмет
12.10.2017
Бүгінде бұл мекемені мекендейтіндердің қатары артып кеткен. Қазірдің өзінде, даладан келгендердің саны 80 адамды құрап отыр. Бірақ басым бөлігінің бала-шағасы бар. Тек қу арақтың соңында кетіп, жақындарынан ажырап қалыпты. Сондықтан олар еріктілерден өздеріне қажет заттарды жеткізіп беруді өтініпті. Ал белсенділер өтінішті орындау үшін қомақты қаражат жинауларына тура келген. Осылайша, қайырымды азаматтардан түскен ақшаға киім-кешек және мүгедектерге арналған екі арбаны табыстады.
Руслан Жазыбаев, ерікті
-Бізге жалғыз Семей емес, еліміздің әр қаласынан көмектесті. Олардың бірі киім-кешек жіберсе, енді бірі ақшалай беруді жөн көрді. Міне, соның нәтижесінде тапсырыстарын толық әкеліп отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!