{metadescription}
Өзге елде жүріп, өріс аңдығандар ұсталды
Өзге елде жүріп, өріс аңдығандар ұсталды

Өзге елде жүріп, өріс аңдығандар ұсталды

Атырау облысында Өзбекстанның 3 азаматы біреудің өрістегі ақ адал малын сойып, сатпақ болған.

Олар арам ойларын түн жамылып жүзеге асырсақ, қолға түспейміз деген болуы керек. Бірақ өрісте жүрген сиырды бауыздап,, алаңсыз келе жатқан үшеу таңғы 4 шамасында Атырау-Астрахань тас жолында ұсталды. Асыққаннан шығар, жануардың терісін де сыпырмапты. Тек мүшелеп, жүксалғышқа лақтыра салған. Өздерінің айтуларынша, үшеуі де қаладағы мал базарларының бірінде қасапшы болып істейді екен. Ал ұрлықы мал етін сатып, одан түскен қаржыға елдеріне қайтпақ болған. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, бұлардың осындай өзге де қылмысқа қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр. Өйткені, өңірде дәл осындай ұрлық жиілеп кетіпті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде