Тікелей эфир: Қазақ-қырғыз шекарасынан арнайы репортаж!
Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай әлі реттелетін емес. Кешелі бері мұнда жүздеген көлік өте алмай тұр. Қиындықтың бəрі Қырғызстан бетінде. Шекара іргесінде топталған қалың көліктің қаңтарылып тұрғанына бүгін екінші күн. Кезегін сарыла күткен жолаушылардың көбі жүктерін арқалап қара жаяу өтуге көшкен. Қордай шекара бекетіндегі жағдайды баяндау үшін тілшіміз Ербол Тұрымбет Қырғыз тарапынан бізбен тікелей байланысқа шықпақ. Ербол, қазір не жағдай болып жатыр? Қырғызстанға өту қиын болған жоқ па?
Автор: Ербол Тұрымбет
12.10.2017
Армысыздар! Жоқ, таңертесімен құжатымызды көрсетіп еркін өтіп кеттік. Бірақ, Қырғызстан жағында жағдай мəз емес. Шамамен 150дей көлік мізбақпай тұр. Көбі кеше келген беттен сол күйі тапжылмаған. Төзімі сынға түскен жандардың барлығы дерлік саудагерлер мен тауар тасымалдаушылар. Ұзақ тұрып қалғандарының заттары бұзылып та жатыр. Ал Қырғызстан үкімет басшысының тапсырмасымен бұл жерде тиісті көмек түрлері қарастырылған. Жедел жəрдем қызметі бар, сондай ақ менің артымда шатырлар тігілген. Ашыққан не тоңған жолаушыларға осы жерде ас-су берілуде. Кеше кешке он шақты адам қан қысымын тексертіп келгені болмаса, былай денсаулығын уайымдап жатқан ешкім жоқ.
Ал жалпы бұл кептелістің себебі туралы жаңалық бар ма?
Басты себеп, еліміздің барлық шекара бекеттерінде тексеріс күшейтілген. Осы уақытта шекарадан қырғыздар жақтан өтетін көліктер ағыны да артқан. Себебі сол ғана. Біз кешке дейін жағдайды бақылаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!