{metadescription}
Белгілі ғалым Мұқатай Немеребаев 70 жасқа толды
Белгілі ғалым Мұқатай Немеребаев 70 жасқа толды

Белгілі ғалым Мұқатай Немеребаев 70 жасқа толды

23-тен астам оқулық пен 140-қа тарта ғылыми әдістемелік мақаланың авторы саналатын профессордың мерейтойы Тараз төрінде аталып өтті. Оның мерейлі мерекесіне орай өзі қызмет ететін университетте ғылымыи конференция ұйымдастырылып, оған үзеңгілес әріптестері тегіс қатысты. Ғылымда өзінің мектебін қалыптастыра білген туған күн иесімен тілшіміз дидарласып қайтты.

Мұқатай Немеребаевтың ғылымға деген құштарлығы студенттік шағында оянған. Қазір оның жазып шыққан оқулықтарымен көптеген жоғарғы оқу орындарының студенттері тәлім алуда. Профессордың еңбектері тек білім ошақтарында ғана емес, басқа да салаларда үлкен сұранысқа ие.

Сәбит Баубеков, техника ғылымдарының докторы, профессор:

-Бұл кісінің ғылыми жұмыстардағы бағыты зымарандар, ұшақтардың сыртқы қабатының температурасы, қысымда, иілу жүктемелеріне,   қарсыласу, соларды көтеру мәселері жайында еңбектер жазған. 20- ден аса ғылыми еңбегі бар. Ғылымда өзіндік мектебі бар.

Мұқатай Немеребаев кезінде өте құпия жобалардың да әзірленуіне атсалысқан. Бірақ ол жайында әлі күнге тіс жаруға болмайды дейді. Жалпы профессор өмірінің 45 жылын шәкірт тәрбиелеу мен ғылымға арнаған. Өзінің жұмысына жан-тәнімен берілген ұстаз тынымсыз еңбектің арқасында  отбасына да көп көңіл бөле алмаған. Бірақ оған жақындары еш ренжімей, түсіністікпен қарапты.     

Ахытай Мұқатай, немересі:

- Атам өте жақсы және қарапайым адам. Меніңше, ол балаларды қатты жақсы көреді. Бала кезімде жатар алдында атамнан көптеген жайттарды сұраушы едім. Маған ерінбестен қызықты ертегі оқып беретін

Мұқатай аға 70 жасына дейін доктор, профессор, академик және атанып үлгерген. Осыдан соң болар оның мерейтойына орай ұйымдастырылған ғылыми конференцияға алыс-жақын шет ел мен еліміздің әр түкпірінен әріптестері көптеп келді. Басқосуда техника және жаратылыстану ғылымы төңірегінде көптеген өзекті мәселелер әңгіме арқауына айналды.

Мұқатай Немеребаев, техника ғылымдарының докторы,профессор:

-Конференция «Жаһандану заманындағы жаратылыстану және техникалық ғылым» деген. Өйткені қазір дамып келе жатқанда, жаһандану заманы болғандықтан техника ғылымы мен жаратылыстану ғылымдарының өсуі, өнуі жоғары болу керек. Сонда да болса әлі жеткілксіз деңгейде. Соны бүгін сараптап, кішкене алдыға міндеттер қойып сол жағдайында қарастыру.

Профессор мұнымен тоқтап қалмақ емес. Қазір ол студенттерге арналған бесінші монографиясын жазуда. Ал бүгін Мұқатай Немеребаевтың еңбегі кезекті рет Білім министірлігі тарапынан еленді. Ол  ғылым мен білімге қосқан өлшеусіз еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде