{metadescription}
Теміртаудағы металлургиялық комбинатта газ жарылысынан 6 адам зардап шекті
Теміртаудағы металлургиялық комбинатта газ жарылысынан 6 адам зардап шекті

Теміртаудағы металлургиялық комбинатта газ жарылысынан 6 адам зардап шекті

Барлығы ауруханаға жеткізілген. Екеуі хәл үстінде жатыр.

Видади Жамелиддинов, травматолог-дәрігер:  

-Құлақ, қол, иықтары күйген. Науқастардың бірінің терісі 10 пайызға күйген. Қалған екеуінікі 6 пайыз. Бұл айтарлықтай ауыр жарақат. Үшеуінің де саусақтары қатты күйіп қалғандықтан қимылдамай қалуы мүмкін. Бізге тағы 4-ші науқасты алып келуі керек. Қалған екеуі Теміртау қаласындағы ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.

Жарылыс «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты комбинаттағы №1-ші газ құбырына жөндеу жүргізу кезенде болған. Тесік құбырдан ауаға тараған газ кенеттен жарылған. Болжам бойынша жұмысшылар техникалық қауіпсіздікті сақтамапты. Абайсыздық кесірінен алты адам отқа күйді. Оның төртеуі газ цехының, екеуі кокс цехының жұмысшылары. Компания басшылығы олардың ем домына қарайласып, өтемақымен де қамтамасыз етеміз дегеннен өзге пікір білдірмеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде