ҰҚК: Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай тұрақты
Қазақ - қырғыз шекарасындағы жағдай әлі де ушығып тұр. Қордаймен қатар Қарасу шекара бекетінде де қазір жағдай мəз емес. Тек қарапайым жолаушылар емес, жүк көліктерінің тізбегі бірнеше шақырымға созылған.
Автор: Ербол Тұрымбет
12.10.2017
Бірінен соң бірі тіреліп тұрған өңкей ірі жүк көліктері. Барлығы да кешелі бері осы маңды мекен қылған. Көбі Қазақстанға бағыт алғанымен, араларында Ресей мен Украинаға бет түзегендері де бар. Қазақстандық тарапта бұларға қатысты тексеріс əдеттегі қалыппен жүріп жатса да арғы бетте ентелеп тұрған жүк көліктері тым көп. Қарасудан бөлек, Қордай шекара бекетінде де осы жағдай. Қырғыздар жағы екі жақта да шатырлар тігіп, жолаушылардың көңілін аулауға кіріскен. Көрші елден өтпек болған тұрған жүк көліктерінің жүргізушілері мұндай жағдайға бірінші рет кезігіп отырғандарын айтады. Ал қазақстандық шекарашылардың айтуынша, жағдай қалыпты. Жұмыс əдеттегі кестеге сай жүріп жатыр. Еске салсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазір шекаралық аймақтарда лаңкестікке қатысы бар адамдарға, контрабандаға қарсы жоспарлы операция өткізіп жатыр. Бекеттерді бақылау күшейгендіктен, ұзын-сонар кезек те содан болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!