{metadescription}
Жас жұлдыздар қазақ өнерін Еуропа жүрегінде паш етпек!
Жас жұлдыздар қазақ өнерін Еуропа жүрегінде паш етпек!

Жас жұлдыздар қазақ өнерін Еуропа жүрегінде паш етпек!

Қазақстан жастарының «Балалар әлем ырғағында» атты екінші шығармашылық фестивалі өз мәресіне жетті. Бұл байқауда бас жүлде үшін  24 қатысушы таласқан. Алайда тек сегізі ғана жеңімпаз атанып, Франция астанасында өтетін гала-концерке қатысуға мүмкіндік алды. Ал мұндай байқау ұйымдастыру туралы ұсынысты алғашында ЮНЕСКО клубы жасағанымен, шара Тұңғыш президент қорының қолдауымен жүзеге асып отыр.

Өз өнерін көрсетіп жатқан осынау балалар 2000 үміткердің арасынан жарып шыққан үздіктері. 12 мен 17 жас аралығындағы жас өрендерден оза шапқан 24 баланы қазылар іріктеп алыпты. Іріктеуден өткен кішкентай жұлдыздар кәсіби мамандардан сабақ алып, үлкен сахнада эстрада жұлдыздарымен бірге өнер көрсетіп өзара сайысқан. Солардың ішінен бас жүлдеге тек сегіз бала қол жеткізді. Енді олар Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтрінде өтетін Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының таныстырылымында өнер көрсетпек.

Ғұмар Сұлтанбек,  жеңімпаз:

- Әлі де толқу үстінде тұрмыз,есімізді жинақтай алмай, өте қуныштымыз./43:04/Енді осы бимен Париж қаласына барғанда қазақтың рухани байлығын, намысын көрсетуге тырысамыз.

Қатысушылардың айтуынша ақтық кезенге жетудің өзі ерен еңбектің арқасы. Себебі елімізде дарынды балалар көп, мұнымен қоса уаққытта тығыз болған екен. Алайда жүзден жүйрік мыңнан тұлпар атанғандарына қуанышты. Бұл ретте ұйымдастырушы тараптың да айтары бар.

 Серкан Аязбаев, ЮНЕСКО клубының вице-президенті:

- Бұл жобаны жасаған кезде түрлі қиындықтар болды.Тіпті қолға алған бастамамыз орта жолда қалама деп ойладық. Алайда Тұңғыш президент қоры бізге қолдау мен көмек көрсеттіп, ойлағанымызды іске асыра алдық. Балаларға мұндай мүмкіндік берген Тұңғыш президент қорына рахмет. 

Жеңімпаз 8 өрен бүгінде Алматыда дайындықтарын пысықтауда. 4 күннен кейін Алматыдан тікелей еуропа жүрегіне аттанбақ. Айта кетер болсақ бұл жоба елімізде осымен екінші рет өткізілуде. Әлі де жалғасын табады деген ұйымдастырушылар, Тұңғыш президент қорымен әрі қарай да бірлесе жұмыс істеуден үміттіміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.