{metadescription}
Еліміздің бірқатар өңірлерінде әлі де көмір тапшы
Еліміздің бірқатар өңірлерінде әлі де көмір тапшы

Еліміздің бірқатар өңірлерінде әлі де көмір тапшы

Соның салдарынан Шығыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында жұрт қысқа қамадана алмай әлек. Ал көмір қоймаларының алдында жүк көліктері ұзын-сонар кезекте тұр. Тіпті кезекке таласқан жүргізушілер бірін бірі қағып өтуге дейін баруда.

Қара алтынның тапшылығы Петропавл қаласында да байқалуда. Көкшетауда тіпті жұрт көп тұтынатын Шұбаркөл көмірі қымбаттап кеткен. Оның бір тоннасы 13 мың 500 ден саудалануда. Ал Семейдің шетіндегі көмір қоймасында 50 шақты көлік қаңтарылып тұр. Олардың кейбіреулері кезектен айырылып қалмау үшін басында түнеуге мәжбүр. Алайда мұнда көмір күнделікті жеткізіліп жатқан жоқ. Жұрттың айтуынша, небәрі 130 шақырым қашықтықтағы Қаражырадан 5 вагон екі күнде бір келеді екен. Оның әрқайсында 60 тоннадан болғандықтан ары кеткенде 20 көлікке ғана тиеуге жетеді. Бұл дүрбелеңді жұрт өндірушілер қара отынның құнын көтеру үшін қолдан жасап жатыр деп наразы.

Тоқтасын Қапезов, Семей қаласының тұрғыны:

-Бәрі қымбаттатудың амалы. Жанармай қымбаттап жатыр. Енді, қарашада көмірдің бағасын 8 мыңға көтеріп тастайды. Бұл шынымен солай болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде