Назарбаев Қырғызстандағы сайлауға қатысты пікірін білдірді
Қырғызстандағы сайлау Сочиде де сөз болды. ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммитінен кейін журналистерге сұхбат берген Елбасы, үміткерлердің бірін Қазақстан қолдайды деген ақпаратты жоққа шығарды. Көрші елдегі саяси дода алдағы жексенбіде өтетінін айта кетейік. Тақтан 11 адам үміткер. Алайда негізгі тартыс Сооранбай Жээнбеков пен оппозиционер Өмірбек Бабанов арасында өтеді деп күтілуде. Қыркүйекте Елбасы осы Бабановпен кездескен. Содан кейін кейбір баспасөздер Қазақстан оппозициялық үміткерді қолдайды деген мәлімет таратқан болатын.
Автор: Жәудір Оразхан
13.10.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары