{metadescription}
Астанада «Кім білгіш?» интеллектуальдық ойынының жеңімпаздары анықталды
Астанада «Кім білгіш?» интеллектуальдық ойынының жеңімпаздары анықталды

Астанада «Кім білгіш?» интеллектуальдық ойынының жеңімпаздары анықталды

Сайысқа еліміздің барлық аймағынан дарындылар онлайн режимде қатысып, өзара бақ сынасты. Солардың ішінен Павлодардың 11-ші сынып оқушысы Бихан Боранбай 1 орынды иеленді.

Бихан Боранбай, сайыс жеңімпазы:

 - Сұрақтар өте көп болды. Жан-жақты  салалардан  болды.

Тұңғыш президент қоры осымен екінші рет өткізген интеллектуальды сайысқа бес мыңға жуық оқушы қатысқан. Олар «Кім білгіш?» мобильді қосымшасына тіркеліп, өз білімдерін сынайды. Мұнда спорт, табиғат, өнер, ғылым секілді түрлі тақырыптарға байланысты 25 мыңнан астам сұрақтар берілген. Бұған аз уақыт ішінде дұрыс және жылдам жауап берген кіл жүйріктер финалда бақ сынасты. Бүгін жоғары нәтиже көрсеткен 12 жеңімпаз арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Азат Шәуеев, мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:

- Келесі жылы ағылшынша нұсқасын жасаймыз бұл ойынымыздың. Және латын әліппиін үкіметіміз бекітсе, біз латынша әліппидегі нұсқасын жасаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде