Таразда құтқарушылардың жаттығуы жұртты шошытты
Еліміздің Төтенше жағдайлар комитеті ұйымдастырған Тараздағы оқу-жаттығу жергілікті тұрғындардың зәре-құтын қашырды. Жер сілкінісінен кейінгі құтқару операциясына осы сала мамандарының қаншалықты дайын екені тексеріліп жатқан шараны жұртшылық лаңкестікпен шатыстырып шуласты.
Автор: Руслан Әбдіхалық
13.10.2017
Бұқараның дүрлігуі орынды. Өйткені ешнәрседен хабары жоқ ел мынадай көріністерді көргенде не істерлерін білмей қатты састы. Бірақ мұның бәрі арнайы сценарий желісімен жүргізіліпті. Яғни жоспар бойынша Таразда қуаты 8 балға жетететін зілзала болады. Салдарынан ондаған көпқабатты үй мен өндіріс ошақтары және стратегиялық маңызы бар нысандар тас-талқан болған. Осы қирандылардың арасынан мамандар адамдарды құтқаруы тиіс. Жапа шеккендерге олар қандай көмек көрсетеді, нендей әрекет қылады. Қол астындағылардың әр қадамын ІІМ орынбасарының өзі жіті бақылап отырды. Бірақ әзірге қандай баға бергені белгісіз. Таразда өткен оқу-жаттығуға еліміздің 14 өңірінен құтқарушылар келіп қатысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!