Алматыда балалардың жедел жұқпалы ішек аурулары өршіп тұр
Күз айында күрт қозған дерттің кесірінен науқастарға орын жетпей, балалар аурухана дәлізінде қонуға мәжбүр. Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында мұндай оқиғаның болғанын растаған дәрігерлер, қазір жағдай тұрақталды дейді. Дәрігерлердің айтуынша, әсіресе өткен қыркүйек айында науқастардың саны артып, 41 орындық бөлімге елу-алпыстан бала түскен. Бірақ, мұның бәрі ауа-райы ауысқан маусым кезінде туындайтын құбылыстар, дабыл қағуға болмайды дейді олар.
Автор: Мақсат Мәліков
13.10.2017
Сондай-ақ, дәрігерлердің мәліметінше, кейбір балалар түнде жедел жәрдеммен жеткендіктен бірден орын табылмай, таңертең емделіп шыққандардың орнына жатқызалды екен. Алайда, дәрігерлер 360 орындық арухана қала шетіндегі елді-мекендерден де науқастарды қабылдайтындықтан таршылық ететінін жасырмады.
Ержан Сералин, қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:
-Қазір қала өсіп келе жатыр. Сондықтан былтырғы жылы әкімшілікке тағы бір ғимарат керек деген ұсыныс жасалды. Оны әкімшілік құптап, қазіргі таңда конкурс жүріп жатыр
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!