{metadescription}
Ақмола облысында шенеуніктерге алданған  жұрт далада қаңғып қалғалы тұр
Ақмола облысында шенеуніктерге алданған  жұрт далада қаңғып қалғалы тұр

Ақмола облысында шенеуніктерге алданған жұрт далада қаңғып қалғалы тұр

Ақмола облысында өршіп тұрған  жер дауы бүгін қайта жалғасын тапты.  Елорда іргесінде  шенеуніктерге алданған Қосшы мен Тайтөбе жұрты жер телімдерін заңдастыра алмай жүр. Тіпті, бір топ халық бүгін  Бас прокуратураға көмек сұрап барып құр қол қайтты. Ал, кезінде оларға жалған актімен жер сатқан атқамінерлер қазір сот алдында жауап беріп жатыр. Ашынған  халық енді жер мен үйден де  айырылып қаламыз ба деп қауіптеніп отыр. 

Бұл Астанадан небары 30 шақырым жердегі ауыл жұрты. Кезінде Қосшы мен Тайтөбеден жер сатып алып, енді соның зардабын әлі  тартып жүр.  Өйткені, бірнеше жыл бұрын тексеру жүргізген прокурорлар әкімдердің жерді заңсыз бөліп, осы адамдарға оңды-солды сатқанын анықтаған. Сөйтіп, тойымсыз шенеуніктердің кесірінен енді жүздеген отбасы күндіз күлкі,түнде ұйқыдан қалған.

Әлихан Ахметова, Қосшы ауылының тұрғыны:

-Сол шенеуніктердің барлығын ұстап қамап жатыр дейді. Жазалай берсін соларды. Қара халықтың не кінәсі бар? Біз солардың жемтігі болып қашанғы жүре береміз?

Ал, қара халықты алдап соққан бір топ  атқамінер қазір сотта жауап беріп жатыр. Тергеу мәліметтеріне қарағанда бас-аяғы 24 адамнан тұратын қылмыстық топ кезінде жер саудасын майшелпекке айналдырған. Яғни, Елорда маңындағы жерлердің жалған актісін жасап, 300-ден астам аңғал тұрғынға сатқан екен. Ал, жер сипап қалған ауылдықтар қазір жәбірленуші деп танылған. Бірақ, соған қарамастан  жер мен үйлеріне шектеу қойылып, қиындыққа кезіккен.

Тоқан Мұрат, Тайтөбе ауылының тұрғыны:

Бізде свет жоқ осы заңсыздықтың кесірінен. Қазір пропискаға отыра алмай отырмыз. Біз семьямызда 12 адамбыз. +05:32:54 Сондықтан, қатысты орындарға айтарым бізді былай жылап еңіретпей, көз жасымызға қалмай жәбірленуші деп танылған халықтың жерін заңдастырып берсе, яғни, заңдасып болды, тек қана арестте тұр жер.

Көңілге демеу болатыны әзірге  тұрғындарды үйінен ешкім қуып жатқан жоқ. Бірақ, жұрт жерімізден айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр. Сондықтан бүгін бас прокуратураға барып, шектеуді алып істі бір жақты қылуды сұраған. Бірақ, ондағылар жауапты қысқа қайырды.

Қайсар Ноғаев, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі:

-Қазіргі таңда іс соттың өндірісінде. Ол тәуелсіз. Оның қызметіне ешкімнің араласуына құқы жоқ. Сондықтан тыйым салынды ма, шектеу қойылды ма оны шешу соттың құзырында қазір.

-Яғни, алданған аңғал жұрттың ендігі тағдырын сот шешеді. Сондықтан даулы жер телімі тұрғындардың өзінде қала ма әлде мемлекет меншігіне өте ма ол жағы  да белгісіз. Ал, шенеуніктерге қатысты істің 400-томнан тұратынын ескерсек, процесс әлі біраз уақытқа дейін созылуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде