{metadescription}
Түркия әскери техникасы Сирия шекарасын кесіп өтіп, Идлиб провинциясына келді
Түркия әскери техникасы Сирия шекарасын кесіп өтіп, Идлиб провинциясына келді

Түркия әскери техникасы Сирия шекарасын кесіп өтіп, Идлиб провинциясына келді

Куәгерлердің айтуынша, колоннаның құрамында 30 әскери көлік пен 100-ден астам сарбаз болған. Айта кетейік, осыдан үш күн бұрын Түркия бас штабы Идлибте әскери операция бастайтындарын мәлімдеген еді.

Әскери операция арқылы Сирияның солтүстік-батысындағы шиеленісті бәсеңдету көзделген. Себебі, елдің солтүстігінің көп бөлігі президент Башар Асадқа қарсы соғысып жатқан қарулы оппозицияның бақылауында. Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын Астанадағы келіссөзде Түркия, Ресей мен Иран елдері Сирияда төрт деэскалация аймағын құру жөнінде уағдаласқан. Қазір сол төрт аймақтың біріне кіретін Идлиб провинциясында Түркия әскері бақылау бекеттерін орнатып жатыр. Осы арқылы Түркия тарапы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімнің орындалуын қадағалап, гуманитарлық көмек жеткізуді және босқындарды кері қайтаруды қамтамасыз етпек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде