Шымкентте 50 миллион теңгені жымқырғандар ұсталды
Түнделетіп құрылыс дүкеніне түскен 5 жігіт қомақты қаржыны оп-оңай олжалап кеткен. Миллиондар жатқан дүкенде күзеттің болмағаны арам пиғылды топтың дәл сол күні айын оңынан тудырғандай. Әккі ұрыларды іздеуге тек тәжірибелі полицейлерден құралған топ кірісіпті.
Автор: Бек Әбиев
13.10.2017
Тергеушілер ең алдымен дүкен қызметкерлерін тексеріп шыққан. Осы тергеу барысында күдік тудырған сатушылардың бірі шынымен де ұрлыққа қатысы бар екенін жайып салады. Сол арқылы тағы екі күдіктіні тапқан полицейлер ұсталғандардан 50 миллион теңгенің 8 миллионы мен ұрлыққа мініп барған БМВ көлігін тәркілеген. Әзірше, қамауда отырған 23, 25 және 28 жастағы үш жігіт тергеушілерге мән-жайдың бәрін, әсіресе, қалған 42 миллионды қайда тыққанын әлде жаратқанын тәптіштеп түсіндіріп жатыр. Тағы екеуіне іздеу жарияланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!